Дверницкий Виктор Владимирович – жетекші инженер КИПиА

2025 жылдың 13 наурызында Дверницкий Виктор Владимировичті – БӨА жетекші инженерін зейнетке шығарып салдық. В. В. Дверницкий «Қазгермұнай» БК» ЖШС-інде 27 жыл еңбек етті, ал жалпы еңбек өтілі 43 жылды құрады.

Виктор Владимирович Уфа Мемлекеттік Мұнай Техникалық Университетін «Электр жетек және өндірістік қондырғылар мен технологиялық кешендерді автоматтандыру» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1983 жылы жылжымалы құрам машинисінің көмекшісі болып бастады. 1996 жылдан бастап «Харрикейн Құмкөл Мұнай» АҚ өндірістік автоматтандыру және байланыс басқармасында аға техник болып жұмыс істеді. 1998 жылы «Қазгермұнай» БК» ЖШС-не БӨА технигі ретінде қабылданды. 2000 жылы БӨА инженері, ал 2007 жылдан бастап БӨА жетекші инженер болып қызмет атқарды.

Компаниядағы еңбек жылдары ішінде келесі марапаттарға ие болды: 2013 жылы компанияның 20 жылдығына орай Товарищество Құрмет грамотасымен, 2023 жылы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою