Егоров Аркадий Вячеславович - Нұралы/Ақсай кен орнының өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі инженері

2022 жылғы 28 сәуірде Нұралы/Ақсай кен орнының өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі инженері Аркадий Вячеславович Егоровты құрметті демалысқа шығарып салды. А.В. Егоров "Қазгермұнай" БК" ЖШС-де 17 жыл жұмыс істеді, бұл ретте оның жалпы жұмыс өтілі 41 жылды құрады.

Аркадий Вячеславович Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын, қатынас жолдары инженері-құрылысшы мамандығын бітірген. Еңбек жолын ПМС-156 жол шебері болып бастады. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер болып 1990 жылы жұмыс істей бастады. "Қазгермұнай" БК" ЖШС 2004 жылы жұмысқа орналасты. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою