Екшембеев Асқар Халилұлы-газ дайындау және тасымалдау цехының бірінші санатты инженері

25 наурызда газды дайындау және тасымалдау цехінің бірінші санатты инженері, еңбегі сіңген Екшембеев Асқар Халилұлын құрметпен зейнет демалысына шығарып салдық. Асқар Халилұлы мұнай-газ саласындағы жалпы еңбек өтілі 40 жылдан астам, оның ішінде 18 жылдан астам уақытын «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де өткізді.

1989 жылы Екшембеев А. Х. Қазақстан политехникалық институтының Гурьев филиалын «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша бітірді. 2011 жылы Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітіріп, мұнай-газ ісі бойынша бакалавр дәрежесін алды.

Еңбек жолын 1984 жылы Каспий маңы мұнай барлау экспедициясында бұрғылаушының көмекшісі болып бастаған. Әр жылдары «Тенгизнефть» МГӨБ-де ЦОС операторы, мұнай жабдықтарын жеткізу бойынша жетекші маман, жабдықтаушы болып жұмыс істеді.

«Қазгермұнай» БК» ЖШС-де 2008 жылдан бері еңбек етіп келеді. Жұмыс істеген жылдары ГДжТЦ 1 санатты инженері, Мұнай және газ өндіру департаментінің технологиялық қызметінің инженер-технологы, мұнай тасымалдау қызметінің басшысы лауазымдарын атқарды.

Компанияда жұмыс істеген жылдары: 2013 жылы «ҚазГерМұнай» компаниясының 20 жылдығына орай «Қазмұнайгаз» БӨ» АҚ Құрмет грамотасымен; 2019 жылы «Қазақстан мұнайына 120 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою