Хоу Дэлинь - Мұнай және газ өндіру департаментінің директоры - Кәсіпшілік бастығы

2024 жылдың 26 тамызында мұнай және газ өндіру департаментінің директоры - кәсіпшілік бастығы Хоу Дэлинь мырзаны құрметті еңбек демалысына шығарып салдық.  Хоу Дэлинь "Қазгермұнай" БК" ЖШС –де 2006 жылдан бастап қызмет атқарды. Жалпы жұмыс өтілі 39 жылды құрайды.

1985 жылы Хоу Дэлинь Дацин мұнай институтын "Мұнайды геологиялық барлау" мамандығы бойынша бітірді. Сол жылы еңбек жолын Қытайдағы "Дацинг" компаниясында өндірістік және жөндеу жұмыстары бөлімшесінің тағылымдамашысы болып бастады.  Содан кейін "Дацинг" ұңғымалар технологиялары ғылыми-зерттеу институтында гидравликалық алшақтықты зерттеуші болып жалғастырды. "Дацинг Ксинянг, талуми" бұрғылау компаниясында, Қытай мұнай-газ барлау компаниясының Теңіз орталығында, Chinaoil International Түрікменстан мен Қазақстандағы филиалдарында жұмыс атқарды.

"Қазгермұнай" БК" ЖШС –не Ақшабұлақ кен орнының кәсіпшілік бастығы болып қабылданды.

Компанияда жұмыс істеген жылдары: 2013 жылы компанияның 20 жылдығы құрметіне Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Алғыс хатымен; 2014 жылы Қазақстан мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне орай "Қазгермұнай "БК" ЖШС Құрмет грамотасымен; 2018 жылы компанияның 25 жылдығына орай "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ Құрмет грамотасымен; Қазақстан мұнайының 125 жылдығы құрметіне мерекелік медалімен марапатталды.

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою