Игисинов Алберген Мұратұлы - Нұралы к/о іштен жану қозғалтқыштарының машинисі

2022 жылғы 1 мамыр күні Нұралы к/о іштен жану қозғалтқыштарының машинисі – Игисинов Алберген Мұратұлын құрметті демалысқа шығарып салдық. А.М. Игисинов «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де 21 жыл жұмыс істеді, бұл ретте оның жалпы жұмыс өтілі 44 жылды құрады.

Алберген Мұратұлы Қызылорда техникумын техник-механик мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Қызылорда автокомбинатында темір ұстасы қызметінен бастады. «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де жүргізуші лауазымына 1999 жылы кірісті. 2008 жылы компания жүргізушілерін аутсорсингке ауыстыруға байланысты жұмыстан босатылды. 2010 жылы компанияға дизель қондырғысының машинисі болып оралды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою