Ким Эрон Романович – Ақшабұлақ кен орны ұңғымаларын химиялық өңдеу операторы
2022 жылғы 19 қаңтарда Ақшабұлақ кен орны ұңғымаларын химиялық өңдеу операторы — Ким Эрон Романовичті құрметті демалысқа шығарып салдық. Ким Э. Р. «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де 18 жыл жұмыс істеді.
Эрон Романович Қызылордадағы Политехникумды бітірген. «Қазгермұнай» БК» ЖШС-гі еңбек жолын ингибиторлық қондырғының операторы болып бастады, 2012 жылы ұңғымаларды химиялық өңдеу бойынша оператор болып ауыстырылды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.