Лю Чжаньли – бас директордың геология және даму жөніндегі орынбасары

2024 жылдың 31 қазанында бас директордың геология және даму жөніндегі орынбасары Лю Чжаньли зейнеткерлікке шықты.  Лю Чжаньли «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де 2016 жылдан бастап жұмыс істеді, бұл ретте оның жалпы жұмыс өтілі 34 жылды құрады.

1987 жылы Лю Чжаньли ҚХР-Дацин қаласындағы Солтүстік-Шығыс мұнай университетін бітіріп, мұнай геологиясының бакалавры дәрежесін алды, ал 1990 жылы сол оқу орнында магистрлікті бітірді. 2003 жылы Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1990 жылы Дацин мұнай компаниясының «№9 МГӨБ» Геология және әзірлеу департаментінде геология маманы болып бастады. Содан кейін Дацин мұнай компаниясының мұнай - газ кен орындарын барлау және игеру жөніндегі ғылыми-зерттеу институтында геология жөніндегі менеджер, Бейжіңдегі Мұнай-газ кен орындарын барлау және игеру жөніндегі Қытай ғылыми-зерттеу институтының Ресей және Орталық Азия өңірлеріндегі жобалар департаментінің геология бойынша менеджері болып еңбек етті. «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС, «ПетроҚазақстан Инк.» АҚ-да еңбек етті.

 «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де 2016 жылы бас директордың геология және әзірлеу жөніндегі орынбасары болып қабылданды.

Компанияда жұмыс істеген жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2018 жылы мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне және Компанияның 25 жылдығына орай Құрмет грамотасымен, 2023 жылы компанияның 30 жылдығына орай «KAZENERGY» қауымдастығының медалімен марапатталды.

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою