Маханбетов Дүйсенбек Жаңабайұлы – қосалқы станцияларға қызмет көрсету жөніндегі электромонтер

2025 жылдың 28 қазанында Дүйсенбек Жаңабайұлы Маханбетов зейнетке шықты. Оның жалпы еңбек өтілі 31 жыл, оның 15 жылын «Қазгермұнай» БК» ЖШС компаниясында еңбек етті.

Дүйсенбек Жаңабайұлы Қызылорда политехникалық колледжін «Ауыл шаруашылығын электрлендіру» мамандығы бойынша бітіріп, техник-электрик біліктілігін алған. Еңбек жолын 1986 жылы «Қызылорда-Рисмаш» зауытында электромонтер болып бастап, кейін ЖЭО-6-да электр цехының шебері, «Рисмаш» зауытында энергетик, «Новомед» ЖШС-да электромонтер болып жұмыс істеген. 2010 жылдан бастап «Қазгермұнай» БК» ЖШС-да Нұралы кен орнында қосалқы станцияларға қызмет көрсету жөніндегі электромонтер болып жұмыс істеді.

Еңбек жылдарында бірнеше марапаттарға ие болды: 2016 жылы Наурыз мерекесіне орай «Қазгермұнай» БК» ЖШС-ның Құрмет грамотасы, 2019 жылы Қазақстан мұнайының 120 жылдығына орай Қызылорда облысы әкімінің Құрмет грамотасы, 2024 жылы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан мұнайына 125 жыл» мерейтойлық медалі, Энергетиктер күніне орай Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хаты.

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою