Мин Хайхуэй

Мин Хайхуэй 1975 жылғы 3 қыркүйекте ҚХР-дың Ляонин провинциясында дүниеге келген.

1999 жылы Солтүстік-Шығыс Мұнай Университетін (Дацин қаласы, Хэйлунцзян провинциясы) бітіріп, пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы және барлау мамандығы бойынша білім алды. 2002 жылы Қытай Мұнай Университетінде (Пекин қ.) «Литология, минералдар және шөгінді жыныстар ғылымы» мамандығы бойынша оқуын аяқтады. 2005 жылы осы университетте «Пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлау» бағыты бойынша диплом алды.

Еңбек жолын 2005 жылы China Zhenhua Oil Company Limited (Пекин қ., Қытай) компаниясында бастап, Орталық Азия мен Ресей аймақтарындағы жаңа жобалар жөніндегі менеджер болып жұмыс істеді. 2010 жылы «Атыраумұнайгаз» АҚ-ның (Ақтау қ., Қазақстан) өндіріс жөніндегі директоры лауазымына тағайындалды. Бұл компания «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның еншілес кәсіпорны болып табылады. 2011-2013 жылдары «Атыраумұнайгаз» АҚ Геология департаментінде геология жөніндегі менеджер қызметін атқарды. 2013 жылы СНПС (Қазақстан) өкілдігіне ауысып, Техникалық қолдау департаментінде геология жөніндегі менеджер болып жұмыс істеді.

2015-2024 жылдары «ПетроҚазақстан Кумколь Ресорсиз» АҚ-да (Қызылорда қ., Қазақстан) қызмет атқарып, Геология және игеру департаменті директорының орынбасарлығынан өндіріс жөніндегі вице-президентке дейін көтерілді. 2024 жылы «СП «Қазгермұнай» ЖШС-нің бірінші бас директордың орынбасары және Басқарма мүшесі болып тағайындалды.

Жалпы жұмыс өтілі – 20 жыл, оның ішінде мұнай-газ саласындағы тәжірибесі – 19 жыл.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан мұнайының 125 жылдығы» құрметіне орай «Мұнай-газ саласының құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою