Мырзалиев Сәлімжан Шынтасұлы – Ақшабұлақ к/о қабат қысымын ұстау цехының бастығы

2021 жылғы 10 қыркүйекте Ақшабұлақ к/о қабат қысымын ұстау цехының бастығы – Мырзалиев Сәлімжан Шынтасұлын құрметті демалысқа шығарып салдық. Мырзалиев С. Ш. «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де 22 жыл жұмыс істеді, бұл ретте оның жалпы жұмыс өтілі 37 жылды, ал мұнай өндіру саласындағы жұмыс өтілі 34 жылды құрады.

Сәлімжан Шынтасұлы Қызылорда көлік теміржол техникумын локомотивтерге техникалық қызмет көрсету бойынша техник мамандығын бітірді. 2002 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітіріп, мұнай мен газды әзірлеу және өндіру жөніндегі дипломды инженер болды. «Қазгермұнай» БК» ЖШС-не жұмысқа слесарь-жөндеуші болып қабылданды, содан кейін қабат қысымын ұстау учаскесінің бастығы, ҚҚҰУ шебері болды. Қабат қысымын ұстау цехының бастығы болып 2017 жылы тағайындалды.

 

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою