Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек қорғау және экология

«Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбек қорғау саласындағы басым міндеттері:

  • Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, компанияның өндірістік нысандарының қызмет ету аудандарында тұратын компания персоналы мен тұрғылықты халықтың денсаулығын сақтау;
  • Технологиялық жабдықтың сенімді әрі апатсыз жұмысын қамтамасыз ету арқылы компанияның қауіпті өндірістік нысандарындағы өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыру;
  • Жабдықтарды техникалық тексеруден өткізудің тиімді әдістерін енгізу;
  • Өнеркәсіптік қауіптілік пен мен тәуекелдерді анықтау және бағалау, өндірісітік нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын бақылау тиімділігін арттыру.

Осы мақсатпен кәсіби қауіпсіздік пен денсаулықты қамтамсыз ету саласындағы OHSAS 18001:2007, және де ҚР СТ OHSAS 18001-2008 халықаралық стандарттарына сай келетін басқару жүйесі енгізілген.

«Қазгермұнай» БК» ЖШС келесі іс-шараларды өткізеді.

Еңбек жағдайы бойынша жұмыс орындарының аттестациясы уақытылы өткізіледі. Еңбек жағдайын, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайын ведомстволық бақылау жұмыстарын кесте бойынша жүргізетін, тұрақты жұмыс жасайтын комиссия (ТЖЖК) құрылды.
Жылына бір рет компанияның барлық өндірістік бөлімшелерінде жұмыстың қауіпсіз әдістерін үйрету жөнінде оқу өткізіледі, нәтижелері бойынша емтихан тапсырылады. Өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбек қорғауға жауапты басқарушы қызметкерлер мен тұлғалар, үш жылда бір рет тиісті білім беру ұйымдарының біліктілігін арттыру курстарында білім алып, білімін тексереді.
Зақымдар мен кәсіби аурулардың пайда болуының алдын-алуға бағытталған шаралар қолданылады. Компания қызметкерлері жұмыс берушінің қаражаты есебінен жылдық кәсіби тексеру мен ауысым алды куәландырудан өтеді.
Компания қызметкерлерін қауіпсіз еңбек жағдайымен қамтамасыз ету үшін қомақты қаражат бөледі. Жыл сайын барлық сатып алынатын қызметкерлердің жеке қорғанысы заттары саралаудан өткізіледі. Жеке қорғаныс заттарын пайдаланудағы ең жоғарғы қорғаныс деңгейі, эргономикалылығы мен ыңғайлылығына ерекше көңіл бөлінеді.

 

Компанияның кен орындарында газ құтқарушы және өрт сөндіруші қызметтердің бірлескен үйретулері өткізіледі.

Өндірістік нысандарда жылдамдықты арттыру салдарынан болатын жол-көлік апаттарын болдырмау үшін, «Автокөліктік құралдар мен арнайы техниканың мониторинг жүйесі (GPS)» іске қосылды. Мердігерлік ұйымдармен әрдайым жүйелі жұмыс жасаудың арқасында, ЖКА мен қайғылы оқиғалар орын алмайды.
Аталмыш шаралардың нәтижесі - төменгі зақымдану деңгейінің тұрақтылығы, ірі төтенше оқиғалар мен өрт көрсеткішінің болмауы.
«Қазгермұнай» БК» ЖШС-і өндірістік қызметін Қазақстан Республикасы заңдылықтарының, Компанияның еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі саласындағы Саясатының талаптарына сай атқарады.

 

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою