Оразымбетов Жадрасын Кемалұлы - Ақшабұлақ к/о жетекші инженер-механигі

       2021 жылы 28 сәуірде Ақшабұлақ к/о жетекші инженер-механигі Жадрасын Кемалұлы Оразымбетов лайықты демалысқа шығарылды. Оразымбетов Ж.К. «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де 22 жыл жұмыс істеді, ал оның жалпы жұмыс өтілі 36 жыл.

       Жадрасын Кемалұлы Қызылорда филиалының Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының «Гидрометеорология» мамандығы бойынша және «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген. Әр жылдары компанияда мұнай және газ өндіру операторы, ауысым бастығы, мұнай және газ өндіру департаменті директорының орынбасары – Нұралы кен орнының бастығы қызметтерін атқарған. Нұралы және Ақсай кен орындарын жайластыруға және пайдалануға беруге үлкен үлес қосты. Оның тікелей қатысуымен келесі нысандар іске қосылды: ДНС Солтүстік, ДНС Оңтүстік, УПН, БКНС, Нұралы газ құбыры.

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою