Сәтенов Қуанышбек Әбдірешұлы – Нұралы және Ақсай к/о вахталық кентінің басшысы

2021 жылғы 2 қыркүйекте Нұралы және Ақсай к/о вахталық кентінің басшысы – Сәтенов Қуанышбек Әбдірешұлын құрметті демалысқа шығарып салдық. Сәтенов Қ. Ә. «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де 9 жыл жұмыс істеді, бұл ретте оның жалпы жұмыс өтілі 43 жылды құрады.

Қуанышбек Әбдірешұлы КСРО ІІМ Алматы жоғары мектебін бітіріп, заңгер-құқықтанушы мамандығын алды. «Қазгермұнай» БК» ЖШС-не жұмысқа қауіпсіздік және жұмылдыру жұмысы қызметінің аға маманы болып қабылданды. Нұралы және Ақсай к/о вахталық кентінің басшысы болып 2019 жылы тағайындалды.

 

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою