Тілеубаев Бекзат Бәженұлы

2024 жылғы 13 мамырда мұнай дайындау тауар учаскесінің операторы Бекзат Бәженұлы Тілеубаевты зейнеткерлік демалысқа шығарып саламыз. 

Б.Б. Тілеубаев «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де 22 жыл жұмыс істеді, оның жалпы жұмыс өтілі 46 жылды құрайды.

Бекзат Бәженұлы еңбек жолын 1978 жылы Тартоғай ауылында жанармай құю станциясында жанармай құюшы болып бастаған.  Тартоғай ауылындағы теміржол станциясында тексеруші, Қызылорда қ. ЦКЗ-да ағаш ұстасы болып жұмыс істеді.

«Қазгермұнай» БК» ЖШС-де 2002 жылы тауар операторы болып жұмысты бастады.

Компанияда жұмыс істеген жылдары, яғни, 2017 жылы ҚР Мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне орай «Қазмұнайгаз» БӨ» АҚ Құрмет грамотасымен және 2023 жылы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамның құрметті қызметкері» атағымен марапатталған.

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Лю Шаою
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою