Тілеулесов Серікқали Жақсылықұлы - Ақшабұлақ кен орнының мұнай және газ өндіру операторы

2022 жылдың 26 ​​тамызында Ақшабұлақ кен орнының мұнай және газ өндіру операторы Серікқали Жақсылықұлы Тілеулесов зейнеткерлік демалысқа шығарылды. Тлеулесов С.Ж. «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де 20 жыл жұмыс істеді, жалпы еңбек өтілі 41 жыл.

Серікқали Жақсылықұлы Арал гуманитарлық-техникалық колледжін «Газ және мұнай қоймаларының құрылысы және пайдалану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын ауылшаруашылық техникумында жұмысшы ретінде бастады. Ұзақ уақыт Арал вагон жөндеу зауытында жұмысшы, цех жұмысшысы, слесарь-монтаждаушы, жөндеуші болып әртүрлі жұмысшы мамандықтары бойынша жұмыс істеді. 2002 жылы «Қазгермұнай» БК» ЖШС-не жұмысқа орналасты. Қазақстанның мұнай және газ саласы қызметкерлері күніне орай Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою