Ысқақова Алтынхан Орыншайыққызы – адам ресурстарын басқару және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті директорының әлеуметтік саясат және әкімшілік қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары

2024 жылғы 31 қазанда еңбек сіңірген демалысқа адам ресурстарын басқару және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті директорының әлеуметтік саясат және әкімшілік қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары Ысқақова Алтынхан Орыншайыққызы өткізілді. А. Ысқақова «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де 1993 жылдан бастап жұмыс істеді, бұл ретте оның жалпы жұмыс өтілі 39 жылды құрады.

1985 жылы Алтынхан Орыншайхқызы Алматы педагогикалық шет тілдер институтын неміс тілі мұғалімі мамандығы бойынша бітірді. 2003 жылы Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және ақпарат университетінде «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды. 2016 жылы Қызылорда университетінің «Болашақ» заң факультетін бітірген.

 Еңбек жолын Алтынхан Ысқақова 1985 жылы Жарма станциясының Алматы темір жолының № 61 орта мектебінде неміс тілі мұғалімі болып бастаған. Мұғалімдік қызметін Қызылорда облысы Жалағаш кентінің № 188 орта мектебінде жалғастырды.  «Қазгермұнай» БК»  ЖШС 1993 жылы неміс тілінің аудармашысы лауазымына қабылданды.  1996 жылы кадрлар бөлімінің бастығы лауазымына ауыстырылды. 1999 жылдан 2007 жылға дейін еңбек, жалақы және персонал бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді. 2007 жылдан 2012 жылға дейін персоналды басқару бөлімінің бастығы болды. 2012 жылдан 2016 жылға дейін әлеуметтік даму және қоғаммен байланыс бөлімін басқарды. 2016 жылдан 2021 жылға дейін әлеуметтік саясат және шаруашылық қамтамасыз ету департаментінің әлеуметтік даму бойынша жетекші маманы болып жұмыс істеді. 2021-2023 жылдары әлеуметтік саясат және шаруашылық қамтамасыз ету департаментінің директоры болды. Еңбек сіңірген демалысқа адам ресурстарын басқару және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті директорының әлеуметтік саясат және әкімшілік қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары лауазымына шығады.

Компанияда жұмыс істеген жылдары 2003 жылы компанияның 10 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар Министрлігінің құрмет грамоталарымен, сондай-ақ 2007 және 2011 жылдары; «Қызылорда қаласына 190 жыл» медалімен және 2008 жылы «Қызылорда облысына 70 жыл» медалімен; 2013 жылы Қазақстан Республикасының «Шапағат» медалімен; «Семей ядролық ұлы полигоны» төсбелгісімен; 2011 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Нұр Отан» қоғамдық-саяси партиясының Құрмет грамотасымен; 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Қазмұнайгаз» БӨ» АҚ Құрмет грамотасымен; Қазақстан Республикасы Мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне орай «Қазгермұнай» БК» ЖШС Құрмет грамотасымен; «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ Құрмет грамотасымен; 2023 жылы компанияның 30 жылдығына орай «Ерен еңбегі үшін» медалімен; 2024 жылы «Қазақстандық мұнайға 125 жыл»  мерейтойлық медалімен марапатталған.

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою