Захаров Сергей Викторович — қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі инженер

31 қаңтар күні күні қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі инженер Захаров Сергей Викторовичті зейнеткерлік демалысқа шығарып салды. Сергей Викторовичтің жалпы еңбек өтілі 37 жыл, соның ішінде Компаниямызда 13,5 жыл қызмет жасады.

1983 жылы Сергей Викторович Целиноград теміржол көлігі техникумын «Көліктегі жүк жұмыстарын механикаландыру» мамандығын бітіріп, техник-механик біліктілігін алды. 2012 жылы «Тұран-Астана» университетін «Құқықтану» мамандығын оқып, заңгер біліктілігін алды.

«Қазгермұнай» БК» ЖШС келгенге дейін ол Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында, жеке күзет қызметі саласында, сондай-ақ өндірістік кәсіпорындарда басшылық және инженерлік лауазымдарды атқарды. Сергей Викторович Серіктестіктегі еңбек жолын 2012 жылы бастады. Компанияда жұмыс істеген жылдары қауіпсіздік қызметінің маманы, қауіпсіздік және мобилизациялық жұмыс қызметінің аға маманы, экономикалық және ұйымдастырушылық қауіпсіздік жөніндегі жетекші инженер, экономикалық қауіпсіздік және мобилизациялық жұмыс жөніндегі жетекші инженер қызметтерін атқарды.

Компаниядағы жұмыс жылдарында Сергей Викторович келесі марапаттарға ие болды: 2014 жылы Мұнайшылар күніне орай «Қазгермұнай» БК» ЖШС Құрмет грамотасымен, 2018 жылы компанияның 25 жылдығына орай «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Құрмет грамотасымен, сондай-ақ 2023 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Алғыс хатымен марапатталды.

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою