Жарқынбеков Қожабай Әбілдаұлы – вахталық кенттің технигі
2025 жылғы 21 тамызда Ақшабұлақ кен орнының вахталық кентінің технигі Жарқынбеков Қожабай Әбілдаұлы зейнеткерлік демалысқа шығарылды. Оның жалпы еңбек өтілі 46 жыл, оның 26 жылын «Қазгермұнай» БК» ЖШС-да жұмыс істеген.
Қожабай Әбілдаұлы еңбек жолын 1979 жылы ПМК-1610 тресінде 2-разрядты бетоншы болып бастады. Шамамен 15 жыл бойы түрлі өндірістік ұйымдарда жүргізуші болып жұмыс істеді. 1999 жылдан бастап «Қазгермұнай» БК» ЖШС-да вахталық кенттің технигі болып еңбек етті.
Компанияда жұмыс істеген жылдары ол: 2013 жылы компанияның 20 жылдығына орай «Қазгермұнай» БК» ЖШС Құрмет грамотасымен, 2019 жылы ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Қазгермұнай» БК» ЖШС Құрмет грамотасымен, 2023 жылы ҚР Энергетика министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.