Жәрімбетов Аралбек Смағұлұлы – МДАЦ тауар операторы

2026 жылдың 8 қаңтар күні МДАЦ тауар операторы Аралбек Смағұлұлы Жәрімбетов лайықты зейнеткерлікке шықты. Оның компаниядағы жалпы еңбек өтілі – 26 жыл.

Аралбек Смағұлұлы 2005 жылы Шымкент политехникалық колледжін «техник» мамандығы бойынша бітірді. 1998 жылдың тамыз айынан бастап Аралбек Смағұлұлы «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де Ақшабұлақ кен орнының Мұнайды дайындау және айдау цехында (ЦППН) тауар операторы қызметін атқарып, өндірілетін өнімді дайындау мен есепке алу үдерістерінің сенімді әрі үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етті.

Еңбек жолы барысында Аралбек Смағұлұлы өзін өндірістегі тиімді жұмысты қамтамасыз ету үшін қажетті практикалық білім мен кәсіби дағдыларды толық меңгерген, жауапкершілігі жоғары, тәртіпті әрі тәжірибелі маман ретінде таныта білді.

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою