2018 жылдың I жарты жылдығының қорытындысы бойынша Басқарманың еңбек ұжымы өкілдерімен есепті кездесуі

22 тамыз 2018

«Қазгермұнай» БК» ЖШС мен оның қызметкерлерінің арасындағы ішкі байланыс ережелеріне сәйкес, Ақшабұлақ к/о-да 2018 жылдың I жарты жылдығының қорытындысы бойынша Басқарманың еңбек ұжымы өкілдерімен есепті кездесуі болып өтті. Есепті кездесуде бас директордың орынбасарлары, бас кеңсе, Ақшабұлақ, Нұралы, Ақсай кен орындары, Алматы және Астана ққ. компания өкілдігінің  құрылымдық бөлімшелері басшылары мен қызметкерлері, қызметкерлердің жергілікті кәсіподағы төрағасы қатысты.

Есепті кездесудің күн тәртібіне келесі мәселелер кірді:

  1. 2018 жылдың I жарты жылдығының қорытындысы бойынша ҚГМ қаржы-

шаруашылық қызметінің қорытындысын жинақтау.

  1. Есепті кезеңдегі еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ҚГМ

қызметін талдау.

  1. ҚГМ-нің кадрлық және әлеуметтік қызметін талдау; есепті кезең ішінде

Ұжымдық шарт талаптарын орындау.

  1. Еңбек ұжымының сұрақтарын талқылау.

Есепті кездесу соңында Басқарма мүшелері қызметкерлердің сұрақтарына

толық жауап қайтарды, сондай-ақ ЕҚжҚТ ережелері мен талаптарын бұзғаны үшін қызметкерлер, цехтар мен бөлімше басшылары, құрылымдық бөлімше  басшыларының дербес және ұжымдық жауапкершіліктерін атап өтіп, жазатайым оқиғалар мен өндірістік жарақаттардың алдын алу мақсатында, ҚГМ қызметкерлерінің ЕҚжҚТ ережелері мен талаптарын орындау қажеттігіне және барлық бөлімшелердегі мердігерлік мекеме өкілдерімен сақталуын қадағалауына қызметкерлер мен құрылымдық бөлімше басшыларының назарын аударды.

 

 

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою