Жемқорлықты жою

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

«Қазгермұнай» Біріккен кәсіпорны» ЖШС (бұдан әрі - Серіктестік) өз беделін бағалайды және өзінің қызметкерлері мен серіктестерінен әдеп пен адалдықтың ең жоғары стандарттарын сақтауды талап етеді.
Серіктестік өзінің күнделікті қызметінде ашық, адал және этикалық іскерлік мінез-құлық қағидаттарын басшылыққа алады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықтың кез-келген көріністерін анықтау және оларға қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді.


Серіктестікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін реттейтін негізгі ішкі құжаттар:

 

Серіктестікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында пайдаланылатын негізгі құралдар мен тетіктер:

•    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін уақытылы анықтау, бағалау және басқару; кері байланыс және сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабардар ету арналарының жұмыс істеуі.
Серіктестікте ішкі коммуникациялар жүйесі жұмыс істейді, оның көмегімен кез-келген қызметкерден және өзге де мүдделі тараптардан сыбайлас жемқорлықтың, сондай-ақ өзге де теріс пайдаланушылық пен бұзушылық фактілерінің туындағаны туралы жедел ақпарат түседі.

Серіктестікте өтініштерді қабылдау үшін келесі арналар жұмыс істейді:

  • Серіктестіктің интернет-ресурсындағы Бас директордың (Басқарма төрағасының) блогы.
  • «Қазгермұнай» БК» ЖШС жедел желісі.

Телефон: +7 (7242) 279-880; +7 (7242) 279-881; +7 (7242) 279-882.
Email: hotline@kgm.kz

  • «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ жедел желісі (оның ішінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ):        

Телефон: 8 800 080 3030; +7 702 075 3030.
Email: nysana@cscc.kz   

Көрсетілген талаптарды қанағаттандыратын келіп түскен хабарламалар «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өңделеді және қаралады. Арнайы бөлінген желі тәулік бойы жұмыс істейді.

Өтініштер жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін қаралады.

Серіктестіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы хабардарлығын арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде (сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзекті өзгерістер мәніне бейне-конференц байланыс арқылы таныстыру дәріс-кеңестері, мәдениет комплаенсін арттыру және т.б.).

Серіктестік Сіздерді жоғары бағалайды және сенім білдіргендеріңіз үшін алғыс білдіреді!

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою