Компания туралы

«Қазгермұнай» БК» ЖШС – Қазақстанның мұнай шығару секторындағы ірі компаниялардың бірі болып табылады. Компания өзінің көмірсутек шикізатын барлау, өндіру және өткізу қызметтерін және Қызылорда облысының Оңтүстік Торғай ойпатындағы Ақшабұлақ, Нұралы Ақсай кен орындарында жүзеге асырады.
1993 жылы «Южнефтегаз» АҚ мен неміс компаниялары тобының арасында (Feba Oil AG және Erbdol Erdgras Gommern GmbH) Қазақстан басшылығының қатысуымен «Қазгермұнай» БК» ЖШС негізін қалаған құрылтайшылық келісім-шартына қол қойылды. Серіктестікке өңдеу үшін «Ақшабұлак», «Нұралы» және«Ақсай» кен орындары берілді. Компания мамандары геологиялық барлау жұмыстарына, сонымен бірге сейсмикалық зерттеу мен ұңғымаларды бұрғылау жұмыстарына бірден кірісіп кетті. Аталмыш жұмыстың нәтижесінде бес өнеркәсіптік мұнай мен газ кен орындары анықталды: «Орталық Ақшабұлақ», «Оңтүстік Ақшабұлақ», «Шығыс Ақшабұлақ», «Нұралы» және «Ақсай».
Компанияның келесі даму сатысы 1996 жылы болды, ол кезде «ПетроҚазақстан Инк.», бұрында Қазақстан Республикасының Басшылығы қол қойған жекешелендіру туралы келісімге сәйкес, екі бірлескен кәсіпорындарда 50%-дық үлестерімен бірге «Южнефтегаз» АҚ сатып алды: «ҚазГерМұнай» және «Торғай Петролиум».
2006 жылы «ҚазГерМұнай» БК»ЖШС -нің 50% акция пакетін «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы сатып алды.

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою