Новости

Бет 5   1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11 ... 18

Тереңөзектегі ауызашар

Тереңөзек кенті аудандық мешітінің асханасында Серіктестікпен ораза ұстаған жергілікті тұрғындар мен мешіт қызметкерлеріне ауызашар ұйымдастырылды.

12 маусым 2018 |  Подробнее


Өмірдің ауыр жағдайында онкологиялық ауруға шалдыққан балалар мен аналарға арналған әлеуметтік қонақ үй

  «Туған жерге тағзым» жалпы республикалық акциясы аясында Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен, «Чернобыль және Арал балалары» қоғамдық қайырымдылық қорымен «Әлеуметтік қонақ үй» жобасы жүзеге асырылды – өмірдің ауыр жағдайына тап болған онкологиялық ауруға шалдыққан балалар мен аналарға арналған баспана. Қонақ үйдің ашылуына Серіктестіктің әлеуметтік бөлім қызметкерлері қатысты (Искакова А.О., Әділов Б.С.).

06 маусым 2018 |  Подробнее


«Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің еңбек қорғау және экологиялық жауапкершілік саласындағы жұмысының жоғары нәтижесі

Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Президенті мен Басқарма Төрағасының төрағалығымен, «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы жетекші көшбасшылық» тақырыбында ҚМГ ҰК компаниялар тобы (еншілес мекемелері) бас директорларының IV Форумы өтті.

05 маусым 2018 |  Подробнее


Басқарма құрамындағы өзгерістер

«Қазгермұнай» БК» ЖШС Жарғысына сәйкес, бас директор және бас директордың бірінші орынбасары қызметіне үміткерлерді ұсыну құқығы Серіктестік Қатысушылары арасында 3 жыл мерзімге кезектесіп ауыстырылады.

04 маусым 2018 |  Подробнее


Халықаралық балаларды қорғау күні

Халықаралық балаларды қорғау күні құрметіне Серіктестікпен клоундардың, сиқыршылардың, гимнасттардың және басқа да кәсіби цирк әртістерінің өнер көрсетуі қамтылған, компания қызметкерлерінің балалары үшін цирк көрсетілімі ұйымдастырылды.

02 маусым 2018 |  Подробнее


Үздік маман

Ү.ж. 28 мамыр күні «Қазгермұнай» БК» ЖШС БҒ кеңсесі мен Ақшабұлақ, Нұралы және Ақсай к/о мұнай кәсіпорындарында «Үздік маман» байқауының I кезеңі өткізілді - теориялық білімдерін тексеру, соның нәтижесінде II кезеңге 12 номинация бойынша 55 қызметкер өтті.

28 мамыр 2018 |  Подробнее


Парасыз болашаққа - бірге!

  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облыстық департаментінің бастамасымен, қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністерінің кез келген түріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру мақсатында, «Парасыз болашаққа - бірге!» ұранымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін Ақшабұлақ к/о мұнай кәсіпорны қызметкерлерінің жиналысы ұйымдастырылды.

24 мамыр 2018 |  Подробнее


Жеке еңбек дауын шешу бойынша келісу комиссиясы қызметінің практикалық мәселелері

Ү.ж. 17 мамыр күні «Қазгермұнай» БК» ЖШС кеңсесінде «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ  Қызылорда облыстық филиалы бастамасымен «Жеке еңбек дауын шешу бойынша келісу комиссиясы қызметінің практикалық мәселелері» тақырыбында семинар өткізілді.

17 мамыр 2018 |  Подробнее


Жеңіс күні

Жеңіс күні құтты болсын!

Бұл күн – Отанымызды қорғап қалған, қалалар мен ауылдардағы соғыс зардабын қалпына келтірген батырларымызды еске алатын күн. Бұл күні өз ерлігі үлгісімен келесі ұрпақ бойына туған елге деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырған ардагерлерімізге ерекше алғыс білдіреміз.

05 мамыр 2018 |  Подробнее


Қазақстан халқының бірлігі күні

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймыз!

Халықтар бірлігі – Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген баға жетпес жетістігі. Бірінші мамыр – еңбекке деген сенім мен сый құрмет! Тәуелсіздік алған уақыттан бері бұл мереке жаңа маңызға ие болып, достық пен халықтар ынтымақтастығының белгісі болды.

01 мамыр 2018 |  Подробнее


Бет 5   1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11 ... 18

Басқарма блогы

Мұстафаев Мұрат Кеңесбайұлы
Бас директор
Тянь Кэцзянь
Бас директордың бірінші орынбасары, Басқарма мүшесі

Сауал қою