Қарттарым - асыл қазынам» акциясы бойынша

  Ұлы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында «Қазгермұнай» БК ЖШС «Қарттарым - асыл қазынам» атты акция ұйымдастырды. Әлеуметтік даму және шаруашылық қамту департаментінің қызметкерлері мен Серіктестіктің Жас мамандар кеңесі мүшелері Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйлеріне барып, оларға гүл шоқтарын, естелік хаттар, тәттілер мен әрқайсысына 120 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар табыс етті.

Акция барысында барлығы 12 Ұлы Отан соғысы ардагері қамтылды: Құлманов Бөрібай 1920 ж.т.,  Селиверстова Анастасия 1925 ж.т.,  Сырғалиев Махсұт 1925 ж.т., Сатыбалдиев Әбдірауық 1925 ж.т., Колесникова Любовь 1925 ж.т., Байтиков Әбдрахман 1925 ж.т., Бектан Қожахмет 1922 ж.т., Жунісов Төлеген 1923 ж.т., Нұрымбетов Ибрагим 1922 ж.т., Шілдебаев Сейтқан 1925 ж.т., Будников  Анатолий 1934 ж.т., Шалболов Жанияз 1925 ж.т.

Аталған акция жыл сайын өткізіліп тұрады. Өкінішке орай ардагерлеріміз жыл сайын азайып келеді.  Өткен жылы Компания 20 Ұлы Отан соғысы ардагеріне құрмет көрсеткен, осы жылы ардагерлердің саны 13 адамды болып отыр.

      

      

      

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Мұстафаев Мұрат Кеңесбайұлы
Бас директор
Тянь Кэцзянь
Бас директордың бірінші орынбасары, Басқарма мүшесі

Сауал қою