Ақшабұлақ кен орнында сұйытылған көмірсутек газдарын өндіру мәселесі бойынша баспасөз туры өтті

13 ақпан 2024

12 ақпанда Ақшабұлақ кен орнына Энергетика министрлігінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілдері және облыстық және республикалық БАҚ журналистері келді. Олар үшін сұйытылған газ өндіру мәселесі бойынша баспасөз туры ұйымдастырылды.

«Қазгермұнай» БК»  ЖШС Ақшабұлақ, Нұралы, Ақсай кен орындарынан ілеспе мұнай газын және Оңтүстік Ақсай кен орнынан табиғи газды өңдейді және Қызылорда облысының тұрғындарын сұйытылған газбен қамтамасыз етеді. Жер қойнауын пайдаланушы жылына 70 мың тоннаға жуық сұйытылған газ өндіреді, алайда кейінгі жылдары шығарылатын көлемдер азаяды деп күтілуде.

Сұйытылған көмірсутек газдарын өндірудің технологиялық процесімен танысу мақсатында баспасөз турына қатысушылар кәсіпорынның өндірістік объектілеріне барды:

- 2005 жылы пайдалануға берілген , қуаттылығы жылына 310 млн. м3 шикі газды дайындау қондырғысына;

- 2011 жылы пайдалануға берілген және газды дайындау және тасымалдау цехының жиынтық қуатын шикі газ бойынша жылына 550 млн. м3 дейін, тауарлық газды дайындау бойынша жылына 440 млн. м3 дейін, сұйытылған көмірсутекті газды өндіру бойынша жылына 143 мың тн дейін кеңейтуге мүмкіндік беретін 2 газ дайындау қондырғысына;

- сұйытылған мұнай газын сақтау және құю терминалына.

Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Махамбет Елеусінов қонақтарға сұйытылған көмірсутек газдарын өндіру және ішкі нарыққа жөнелту процесі туралы егжей тегжейлі айтып берді және барлық қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою