Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты Қазақстан халқына Жолдауына түсінік беру

12 қазан 2018

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты Қазақстан халқына Жолдауына түсінік беру мақсатында, Ақшабұлақ к/о-ның мәжіліс залында компанияның еңбек ұжымының жиналысы өткізілді. Жиналысқа «Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бас маманы Боранбаева М.К. және «Қазақстандық мұнай-газ кешені салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалының төрайымы Искакова А.О. қатысты.

Боранбаева М.К. Жолдаудың негізгі тезистерін тағы да айқындап, Президенттің Қазақстан үкіметі мен Қазақстан халқы үшін қойған міндеттерін атап өтті. Оның ішінде: халықтың табыстары, өмір сүру сапасын жақсарту, жайлы өмір сүру ортасын құру, оны азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарлау мақсатында мемлекеттік аппаратты жаңарту, тиімді сыртқы саясат жүргізу, елдегі трансформация процестеріне әрбір қазақстандықтың қатысуы.

Кездесу барысында мемлекет пен қоғамның даму басымдықтары белгіленетін басты бағдарламалық құжат болып табылатын бұл Жолдау, əлеуметтік бағдарланған жəне қарапайым қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталғаны жөнінде атап өтілді.

ҚГМ қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы ұсынған бастамаларды үлкен табандылықпен және табысқа үмітпен қарсы алып, оны талқылауға белсене қатысты.

 

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою