«Қазгермұнай» БК» ЖШС Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған суреттер мен бейнероликтер байқауының қорытындысын шығарды

02 маусым 2021

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 6 жастан 15 жасқа дейінгі қызметкерлердің балалары арасында суреттер мен бейнероликтер конкурсы жарияланды. Суреттер мен бейнероликтер конкурсы «Менің Қазақстаным» тақырыбы бойынша үш жас санатында өткізілді.

Екі апта бойы қатысуға өтінімдерді қабылдау жүргізілді, ал 1 маусымда компанияның барлық ниет білдірген қызметкерлері қатыса алатын БКБ арқылы конкурстың қорытындылары шығарылды. Байқауға барлығы 87 бала қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге (барлығы 18 адам) құрмет грамоталары мен естелік сыйлықтар берілді: смартфондар, планшеттер, сымсыз құлаққаптар, смартфондарға арналған тұрақтандырғыштар, штативтері бар сақиналы шамдар. Сондай-ақ, 12 жасқа дейінгі қызметкерлердің балаларына компанияның логотипі бар қолшатырлар мен рюкзактардан сыйлық жиынтықтары дайындалды.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою