"Қазгермұнай" БК " ЖШС өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтті

26 желтоқсан 2023

"Қазгермұнай" БК " ЖШС өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтті

          20-22 желтоқсан аралығында "Қазгермұнай" БК " ЖШС-де компанияның 30 жылдығына орай бірқатар іс-шаралар өтті. Мереке бас кеңседе басталды, онда әкімшілік-басқару қызметкерлері мен вахталық демалыстағы кен орны қызметкерлеріне марапаттар табысталды. Марапаттау рәсімінде ҚГМ басқарма қатысушылары және бас директордың өндіріс, геология және игеру, экономика және қаржы жөніндегі орынбасарлары құттықтау сөздерін арнады.

          21 желтоқсанда кәсіпорын басшылығы өндірістік персоналды құттықтау үшін Нұралы және Ақшабұлақ кен орындарына барды. Екі кен орнында да құрметті наградалар беріліп, Қызылорда облыстық филармониясының әртістерінің қатысуымен концерттік-құттықтау бағдарламасы ұйымдастырылды және мерекелік ас берілді.

          Соңғы іс-шаралар 22 желтоқсанда Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйіндегі салтанатты жиналыс ұйымдастырылып, онан кейін  Серіктестік қызметкерлері мен ардагерлеріне арналған салтанатты кешкі ас берілді.

          Салтанатты жиын барысында "Қазгермұнай" БК " ЖШС қызметкерлері Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінен, Қызылорда облысының әкімінен, "Самұрық-Қазына" АҚ, "CNPC Орталық Азия және Ресей" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және "ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" АҚ акционерлерінен, сондай-ақ "KAZENERGY" қауымдастығынан марапаттарға ие болды. Үш күннің ішінде "Қазгермұнай" компаниясында 167 қызметкер марапатталды, бұл қызметкерлердің жалпы санының шамамен 30% құрайды.

          Салтанатты жиынға Қызылорда облысы Әкімінің м.а. С.Қожаниязов, Энергетика Вице-министрі А.Г. Хасенов, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы М.М. Мырзағалиев, "CNPC Орталық Азия және Ресей" аға сарапшысы Вэй Юйсян және "ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" АҚ президенті Ян Минью қатысты.

          "Ардагер Мұнайшы" ҚҚ - ға мүше кәсіпорынның қызметкерлері мен ардагерлері үшін салтанатты кешкі асқа Қазақстанның түрлі қалаларынан бұрынғы басшылары да келді.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою