«Қазгермұнай» БК» ЖШС – «Бірге – таза Қазақстан» акциясының қатысушысы

03 тамыз 2019

«Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясы («Вместе за чистый Казахстан») жалпыреспубликалық акция болды. Бұл сенбіде, 3 тамыз күні, осы акция басқа аймақтармен қатар Қызылорда облысында да өтті. Акцияға «Қазгермұнай» БК» ЖШС қызметкерлері де қатысты. 

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша экология департаменті» акцияға қатысушыларды жинау орны болып анықталды. Мұнда мекемелер арасында экологиялық және тазарту жұмыстарын жүргізу жоспарланған учаскелер бөлінді. 

 Серіктестікке Рысқұлов көшесінің тұйығынан Саламатов көшесінің тұйығына дейін ұзындығы 500 метр жағалау аймағы бекітілді. Акцияға Қазгермұнай Бас басқармасының 20 қызметкері қатысты: Еңбек және қоршаған ортаны қорғау департаменті мен Әлеуметтік саясат және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері.

   

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою