«Қазгермұнай» БК» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары тағайындалды.

01 шілде 2017

        2017 жылдың 1 шілдесінде «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Басқармасының төрағасы Құрманғазы Орынғазыұлы Есқазиев пен Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Евгений Германович Ким «Қазгермұнай» БК»  ЖШС  Бас кеңсесіне жұмыс сапарымен келді. Кездесуге Серіктестік басшылығы, сонымен қатар төмендегілер қатысты  :

1. Абайылданов Бекзат Қалышпекұлы – «ҚМГ»БӨ» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары.
2. Сәлімгереев Мәлік Жаңабаевич - «ҚМГ»БӨ» АҚ бас директорының еңбек қорғау, қоршаған орта және келешектегі даму жөніндегі орынбасары.
3. Абдулгафаров Дастан Елемесович - «ҚМГ»БӨ» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.
4. Найзабеков Бекмұрат Толбаевич – «ҚМГ»БӨ» АҚ бас директорының маркетинг, сатып алу және мұнай өткізу жөніндегі орынбасары.
5. Оразбеков Марлен Армиевич – «ҚМГ»БӨ» АҚ құқықтық мәселелер бойынша басқарушы директоры.
6. Жақсыбеков Ануар Еркенович – «Эмбамунайгаз» АҚ Бас директоры.
 
     Кездесудің мақсаты «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ тағайындаған «Қазгермұнай»БК» ЖШС бас директорының бірінші орынбасарын таныстыру болды. «Қазгермұнай»БК» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары болып Есен  Қайыржанович Қайыржан тағайындалды.
 
    Есен Қайржан 1962 жылдың 15 қарашасында туылған.  В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, В. П. Горячкина атындағы Мәскеу мемлекеттік агроинженерлік университетін, РФ Үкіметі жанындағы халық шаруашылығы Академиясының ГОУ ВПО бітірген. Соңғы атқарған қызметі– «Қаражанбасмұнай» АҚ Президенті. ҚБМ президенттігіне сайланғанға дейін «Торғай-Петролеум» АҚ Бас директоры қызметін атқарған, «Құмкөл-Лукойл» АҚ, «Өңтүстікмұнайгаз» ГАҚ, «Маңғышлақмұнай» бірлестігінің «Жетыбаймұнай» МГӨБ компанияларында жұмыс істеген.
 
       «Қазгермұнай»БК» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметіне компанияда 2012 жылдың маусымынан 2015 жылдың маусым айына дейін Бас директор, 2015 жылдың маусымынан 2017 жылдың маусымына дейін Бас директордың бірінші орынбасары болып соңғы бес  жылда жұмыс қызмет атқарған Медет Сапиұлы Кәрімнің орнына Есен  Қайыржанович Қайыржан  тағайындалды.
 
  
 
   

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою