Қазгермұнай» БК» ЖШС Басқармасының 2017 жылдың қорытындысы бойынша еңбек ұжымымен есеп беру кездесуі

  2017 жылдың қорытындысы бойынша Нұралы кен орынның спорт залында «Қазгермұнай» БК» ЖШС  Басқармасының еңбек ұжымымен есеп беру кездесуі өтті.

  Бас директордың міндетін атқарушы Цюй Цзицин және Бас директордың бірінші орынбасары Есен Қайржан барлық өндірістік және қаржылық-экономикалық көрсеткіштер бойынша жылдың табысты аяқталуына қосқан үлесі  және жемісті жұмыстары үшін қызметкерлерге ризашылық білдіріп, кіріспе сөз сөйледі.

  Өндірістік және геологиялық, қаржы-экономикалық, еңбек және қоршаған ортаны қорғау, адам ресурстарын басқару және әлеуметтік блоктарының негізгі бағыттары бойынша мекеме қызметкерлеріне Серіктестіктің жұмыс нәтижелеріне негізделген есеп берілді.

 Есеп беру бөлігінен кейін кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасты. Ақшабұлақ, Нұралы және Ақсай кен орындарының қызметкерлері мекеме басшылығынан уәкілетті тұлғалардан толық жауап алған бірқатар мәселелерді сұрады. Атап айтқанда, жалақыны көтеру, мекеме қызметкерлерінің балаларын оқытуға ақы төлеу бағдарламасының көлемін арттыру,  арнаулы жұмыс киімнің сапасын жақсарту тақырыбтары қозғалды, Серіктестік негізін қалауының 25 жылдығына орай мерекелік іс-шараларға ұсыныстар берілді.

  

  

  

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Қайржан Есен
Бас директор
Тянь Кэцзянь
Бас директордың бірінші орынбасары, Басқарма мүшесі

Сауал қою