«Қазгермұнай» БК» ЖШС-де өрт қауіпсіздігі бойынша бірінші байқау өтті  

23 тамыз күні Ақшабұлақ кен орнындағы өрт сөндіру депосында Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Серіктестік және ұзақ мерзімді мердігерлік ұйымдар қызметкерлері арасында «Өрт қателікті кешірмейді» атты өрт қауіпсіздігі бойынша бірінші байқау өтті. Байқаудың басты мақсаттары мен міндеттері: қызметкерлер арасында өрт қауіпсіздігі бойынша білімді насихаттау, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану бойынша персоналдың дағдыларын жетілдіру, төтенше жағдайлар кезінде практикалық іс-қимылдар мен дұрыс жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Турнирге барлығы он төрт команда қатысты, әр командада төрт адамнан болды. Оның ішінде тоғыз команда «Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің өндірістік бөлімшелері мен кеңсесі және бес команда ұзақ мерзімді мердігерлік ұйымдарды таныстырды. Байқауға қатысушыларды әділ және кәсіби бағалау үшін төрешілікке спорт шеберлері, Қызылорда облысының өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жаттықтырушылар тартылды. 

Жарыс жаттығудың екі түрін қамтыды: практикалық және теориялық бөлімдерден тұратын өрт сөндіру эстафетасы және жауынгерлік қанат жаю. Байқауға қатысушылар байқаудың барлық шарттарын орындап қана қоймай, сонымен қатар өз дағдыларын жетілдіріп, көрермендерге өрт сөндіру құралдарын қолдану тәсілдерін және төтенше жағдай кезінде командада жұмыс істеу әдістерін көрсетті.

Нәтижесінде жүлделі орындар келесі түрде бөлінді:

1 орын – Ақшабұлақ кен орнының Энергетикалық қызметінің командасы

2 орын – Мұнай дайындау және айдау Цехының командасы

3 орын –Газ дайындау және тасымалдау Цехының командасы

Барлық жүлдегерлер құрмет грамоталарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Турнир жеңімпаздары арнайы ауыспалы кубокқа ие болды, ал барлық қатысушылар сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара көрермендері тек белсенді жанкүйерлер ретінде ғана емес, сонымен қатар сауалнамаға қатысып, өрт қауіпсіздігі бойынша алынған ақпаратты бекітуге мүмкіндік алды. Олардың ішінде сұрақтарға дұрыс жауап берген ең мұқияттары ынталандыру сыйлықтарын алды. «Қазгермұнай» БК» ЖШС аталған турнирді жыл сайын өткізіп, оның қатысушыларының санын біртіндеп кеңейтуді жоспарлап отыр.

      

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Мұстафаев Мұрат Кеңесбайұлы
Бас директор
Тянь Кэцзянь
Бас директордың бірінші орынбасары, Басқарма мүшесі

Сауал қою