«Қазгермұнай» БК ЖШС –де «Үздік маман-2019» байқауы  мәресіне жетті.

14 маусым 2019

12-13 маусымда «Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің «Ақшабұлақ» кен орны аумағында «Үздік маман 2019» сегізінші ішкі байқауы өтті. Биыл байқау Қазақстан мұнайының 120 жылдық мерейтойына арналады. Байқауға барлығы Серіктестіктің 139 қызметкері қатысты.

Осы байқаудың мақсаты – өнеркәсіптік қызметкерлер құрамының еңбек уәждемесін арттыру, озық жұмыс тәжірибесін анықтау, талдап қорыту және тарату, жұмысшылардың кәсіби деңгейі мен теориялық дайындығын арттыру, олардың шығармашылық белсенділігін дамыту, сондай-ақ озық еңбек әдістері мен тәсілдерін, өндірістің тиімділігін енгізу және мұнай-газ саласында жұмысшы кәсіптердің беделін арттыру болып табылады.

 Байқау келесі мамандықтар бойынша өткізілді: мұнай және газ өндіру операторы, ұңғымаларды зерттеу бойынша оператор,     тауар операторы, қабаттық қысымды ұстап тұру жөніндегі оператор, ұңғымаларды химиялық өңдеу жөніндегі оператор, мұнай кәсіпшілігі жабдығын жөндеу бойынша темір ұстасы,      газ-электр дәнекерлеуші, қырнаушы, электромонтер, бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика жөніндегі темір ұстасы, газ компрессорлық қондырғы машинисті,  химиялық талдау зертханашысы.

Байқау екі кезеңде өткізіледі: Бірінші кезең – теориялық білімді тексеру. Байқаудың бірінші кезеңін өткізу әдісі – компьютерлік тестілеу. Әр номинация бойынша тестілеуде үздік нәтиже алған алғашқы 3 қызметкер  екінші турға өтеді.

Екінші кезең – тәжірибелік тапсырмаларды орындау, «Ақшабұлақ» кен орнында ұйымдастырылды.

Соның негізінде қорытынды шығарылған байқауға қатысушылардың нәтижелерін бағалаудың негізгі өлшемдері:

1. теориялық дайындық деңгейі;

2.тәжірибелік тапсырманы белгіленген мерзімде орындау сапасы;

3. қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау ережелерін сақтау;

4. еңбек өнімділігі;

5. еңбектің озық түрлері мен әдістерін қолдану.

Әр номинация бойынша 1, 2, 3 орын алған қызметкерлер құрмет грамоталары мен ақшалай сыйлықтарға ие болды. Байқау жеңімпаздары енді «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобының 40-тан астам еншілес ұйымдары арасында өтетін «Үздік маман 2019» байқауында компания намысын қорғайтын болады. Байқаудың барлық қатысушылары Компанияның кәсіподақ комитетінен ынталандыру сыйлықтарын алды. 

Жеңімпаздар: «Үздік мұнай өндіру операторы» - Мерекеев Г.; «Үздік ұңғымалады зерттеу операторы» -Еламанов Н.; «Үздік қабат қысымын ұстау операторы» -Мұқатов Т.; «Үздік мұнай кеніші жабдықтарын жөндеу операторы» - Ерсайытов К.; «Үздік газэлектр дәнекерлеуші» - Отарбаев Р.; «Үздік металл жонушы» -Жылыбаев С.; «Үздік электрмонтер» - Тойболов К.; «Үздік химиялық сараптама лаборанты» - Мұратқызы Л.; «Үздік тауар операторы» - Нұрадинов Б.; «Үздік БӨҚжА темір ұстасы» - Алайдар З.; «Үздік газкомпрессорлық қондырғы машинисті» -Тоғызбаев Н.; «Үздік ұңғымаларды химиялық өңдеу операторы»- Анапияев Д.

       

      

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою