«Қазгермұнай» БК» ЖШС кен орнында өткен 2019 ҚР президентінің сайлауы

«Қазгермұнай» БК» ЖШС кен орнында өткен 2019 ҚР президентінің сайлауы

 

2019 жылы 9 маусым күні Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өткізілді. «Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің келісімшарттық аумағында Қызылорда уақыты бойынша 06.00-ден 20.00-ге дейін Ақшабұлақ кен орнында орналасқан №246 жабық сайлау учаскесі жұмыс істеді. Аталмыш учаскеде Ақшабұлақ, Нұралы, Ақсай кен орындарында ауысымдық әдіспен жұмыс істейтін Серіктестік қызметкерлері, ҚГМ мердігер мекемелерінің жұмысшылары, сондай-ақ келісімшарттық аумақтары Қазгермұнай аумағымен шекаралас мұнай компанияларының еңбек ұжымы мүшелері дауыс бере алды. №246 жабық сайлау учаскесінде: «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «Құмкөл-Эко» ЖШС, «Фирма «Best Service LTD» ЖШС, «Бастау S» ЖШС, «Абзал және К» ТС, «KAZPETROL GROUP» ЖШС, «Грант Technology» ЖШС, «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС, «ОйлГазИнжиниринг» ЖШС,  «Аружан және К» ЖШС, «МұнайТехСервис» ЖШС, «Алстрон» ЖШС, «Crystal Management» ЖШС, «TECHNOLOGY АЛЕМ ОЙЛ» ЖШС, «KazInfoSystems» ЖШС, «PETROLEUM TECHNOLOGY» ЖШС, «КАЗСПЕКТРСТРОЙ» ЖШС, «ҚЫЗЫЛОРДА ИНТЕРТИЧ КЛИНИКАСЫ», «Zhanros drilling» ЖШС, «HIMRON» ЖШС, «ЭлектроТехнология» ЖШС және т.б. компания жұмысшылары қатарынан 1543 сайлаушы тіркелді.

№246 жабық сайлау учаскесі өндірістік нысандары алыс қашықтықта орналасқан, ал өндірістік үдеріс үздіксіз бақылау мен қызметкерлердің жұмыс орнында болуын талап ететін өнеркәсіптік кәсіпорын аумағында орналасқандықтан, Ақшабұлақ кен орны спорт залының ғимаратында орнатылған дауыс беруге арналған кабиналар мен стационарлық жәшіктен басқа сайлау комиссиясы мүшелерімен жылжымалы сайлау жәшігі арқылы нысандарды аралап шығу ұйымдастырылды.  

Серіктестік әкімшілігімен бірінші дауыс берген сайлаушыларға, сондай-ақ 9 маусымда дүниеге келген қызметкерлерге ынталандыру сыйлықтары дайындалды.

Жалпы сайлау штаттық тәртіпте, бұзуларсыз және ескертулерсіз өтті. Сайлаушылардың қатысуы 100 %-ды құрады.

20.00-ден кейін №246 жабық сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады, Сайлау комиссиясы дауыстарды санауды бастады. Дауыстарды санау негізінде жасалған №246 жабық сайлау учаскесіндегі сайлау қорытындысының хаттамасын және барлық бюллетеньдерді сайлау комиссиясының мүшелері Қызылорда қаласының Орталық сайлау комитетіне жіберді.

        

        

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Мұстафаев Мұрат Кеңесбайұлы
Бас директор
Тянь Кэцзянь
Бас директордың бірінші орынбасары, Басқарма мүшесі

Сауал қою