«Қазгермұнай» БК ЖШС командасы Алматы марафонына қатысты

Үстіміздегі жылдың 21 сәуірінде Алматы қаласында жыл сайын өтетінхалықаралық қайырымдылық Алматы марафоны өтті. 2012 жылы марафон алғаш ретұйымдастырылғанда оған 2500 адам қатысқан. Ал, осы жылы марафонға қатысу үшінресми түрде 17 мың адам тіркелді.

130 000 теңге көлеміндегі тіркеу жарнапұлы мүмкіндігі шектеулі балалардықолдауға жұмсалады. Марафонға қатысушылар салауатты өмір салтынқалыптастыруға өз үлестерін қосып қана қоймай, сонымен бірге көмекті қажет ететінбалаларға қайырымдылық қолдау жасайды.

Алматы марафонының командалық эстафетасында «Қазгермұнай» БК ЖШСкомандасы да қатысты. Марафонға қатысқан 113 команданың ішінде біздің команда 4сағат 13 минут 33 секундтық көрсеткішпен 64 орынды иеленді.

ҚГМ командасының құрамында төмендегі қызметкерлер болды:

  1. 1. Мырзабекова Айнур – Кәсіпорынның Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы, 5км жүгірді.
  2. 2. Әжіғалиев Мақсат – Маркетинг бөлімінің бас маманы, 10 км жүгірді.
  3. 3. Аяпов Ержан – Жоспарлау бөлімінің бас экономисті, 5 км жүгірді.
  4. 4. Әсімахун Бахтияр –МСФО жетекші маманы, 10 км жүгірді.
  5. 5. Ким Сергей – Бақылау бөлімінің басшысы, 5 км жүгірді.
  6. 6. Бекболат Әлихан –әкімшілік жұмыстар жөніндегі менеджер, 7,195 км жүгірді.
     

Ұжымдастарымызды мақтан тұтып, жеңістерімен құттықтаймыз!

      

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Мұстафаев Мұрат Кеңесбайұлы
Бас директор
Тянь Кэцзянь
Бас директордың бірінші орынбасары, Басқарма мүшесі

Сауал қою