«Қазгермұнай» БК» ЖШС әлеуметтік жауапкершілігінің құрамдас бөлігі ретіндегі меморандум

20 сәуір 2011

20 сәуір күні 2011 жылға арналған Облыстық әкімшілігі мен «Қазгермұнай» БК» ЖШС арасындағы әлеуметтік-экономикалық даму туралы меморандумға қол қойылды.

Осы құжатқа сәйкес осы жылы мұнай компаниясы «Ігілік» аймақтық дамуды қолдау және әлеуметтік жауапкершілік корпоративті қорына 100 000 000 тенге үлес қосады.
Осы қаражат денсаулық сақтау, білім, спорт және мәдениет салаларын қаржыландыруға бағытталған. Бұдан басқа, Серіктестік облыс әкімшілігімен келісе отырып, осы жылдың ішінде 117 500 000 теңге көлемінде демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетуге уәде берді. Осы қаражат құралдары келесі мақсаттарға таратылады: денсаулық сақтау саласын қолдау және медициналық мекемелерді заманауи жабдықтармен қамту, мектептерді, интернаттарды, баспаналарды, спорт мекемелерін және мәдени объектілерді әлеуметтік қолдау және мүгедектерді, мүмкіндіктері шектелген балаларды қолдау.
Облыс әкімі мұнайшыларды аймақтың барлық салаларына қатысулары үшін алғыс білдірді. Мұнайшылардың мейірімді істерінің тізімі ұзақ екендігін және оның артып келгенін еске түсірді, сонымен қатар ұзақ және жемісті ынтымақтастыққа ниет білдірді.

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою