«Қазгермұнай БК» ЖШС
«Парыз» сыйлығының
ГРАН-ПРИ жүлдегері

Қазгермұнай» БК» ЖШС өндірістік ұжымына Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын түсіндіру

    Бүгін Ақшабұлақ к/о мәжіліс залында Кәсіподақтар аумақтық бірлестігі төрағасының орынбасары Боранбаева Майра Қадырбекқызы мен «Мұнай-газ кешенінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалының өкілі Ысқақова Алтынхан Орыншайыққызының ҚР Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын түсіндіру мақсатында  ҚГМ өндірістік ұжымымен ресми кездесуі өткізілді.

   Мәжіліске Бас директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Көшербаев Айтбай Көшербайұлы, сондай-ақ тікелей видео конференц-байланыс арқылы Нұралы және Ақсай к/о жұмысшылары қатысты.

    Боранбаева М.Қ. Президенттің үкіметке, Қазақстан халқына тағайындаған негізгі міндеттері мен мақсаттарын тағы да атап өтті.  Олардың ішінде: индустрияландыруды одан әрі жаңарту қажеттілігі, ресурстық әлеуетті дамыту, агроөнеркәсіп кешеніне, құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу, көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, қаржы секторын «қайта жаңғырту», тиімді мемлекеттік басқару, жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.

   Кездесу барысында Президент Жолдауы еліміздің одан әрі дамуының негізгі бағыттары, мемлекетіміздің дамуының маңызды басымдықтары көрсетілген негізгі бағдарламалық құжаттардың бірі екені атап өтілді.

    ҚГМ жұмысшылары үкімет пен халыққа жүктелген міндеттерге міндетті түрде қол жеткізілетініне сенімділік білдіріп, ҚР Президенті Жолдауын талқылауға белсене қатысты. 

  

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Жэнь Лисинь
Бас директор
Қайржан Есен
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою