«Қазгермұнай» БК» ЖШС «Таза Қазақстан» науқанына өз үлесін қосты

29 сәуір 2024

«Таза Қазақстан» жалпы республикалық экологиялық науқаны аясында 27 сәуірде «Қазгермұнай» БК» ЖШС ұжымы Талсуат кентінде орналасқан Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Мүгедектерге арналған оңалту орталығы» КММ аумағында сенбілік өткізді.

Сенбілік аясында компания қызметкерлері арықтарды тазалап, қоқыстарды тазалап, өрік, шие, терек, үйеңкі, боз арша, арша сияқты жеміс және сәндік ағаштардың көшеттерін отырғызды. Мұнайшылармен бірге кәсіпорын ардагерлері «Ардагер-мұнайшы» ҚҚ мүшелері де ат салысты.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою