«Қазгермұнай» БК ЖШС әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады.

8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі күні «Arai-City Mall» сауда ойын-сауық орталығында «Қазгермұнай» БК ЖШС Жас мамандары кеңесінің мүшелері Серіктестік Кәсіподақ комитетінің қаржылық қолдауымен қаланың әйелдер қауымына арналған мерекелік акция ұйымдастырды. Сауда ойын-сауық орталығына келген әйелдерге гүл шоқтары мен тәттілер сыйға тартылды, сонымен бірге мерекелік пресс-қабырғасының алдында қалаушылар естелікке суретке түсірілді. Барлығы екі жүздей әйел қамтылды.

Мереке қарсаңында «Қазгермұнай» БК ЖШС бас кеңсесінде ұжымының нәзік жандыларына арналған мерекелік салтанатты шара ұйымдастырылды. Іс-шарада еңбегімен ерекшеленген азаматшалар «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның алғыс хатымен марапатталды. Олар: Кенеева Анар – 1 санаттағы инженер-энергетик, Абдуллаева Гульнар – логистика және МТҚ бөлімінің жетекші инженері, Сейтназарова Жанар – 1 санаттағы геолог, Бисембаева Лиза – аударма жөніндегі маман. Барлық әйелдерге гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Бас кеңседегі мерекелік іс-шара 6 наурыздағы Ақшабұлақ кенішінде Серіктестіктің кен орындарында қызмет атқаратын әйеледер қауымын құттықтау салтанаттына ұласты. Мерекелік шарада төмендегі азаматшалар «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның алғыс хатымен марапатталып, гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.Олар: Рамазанова Инесса – МГӨД инженер-эколог, Тоқбергенова Құралай - МГӨД химиялық сараптама лаборанты, Мұратқызы Лаура - МГӨД химиялық сараптама лаборанты, Уалиевай Қарлығаш - МГӨД химиялық сараптама лаборанты, Тыныбекова Нарқыз - МГӨД химиялық сараптама лаборанты, Мамонова Лиза - МГӨД материалдық бухгалтері.

    

        

       

     

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Мұстафаев Мұрат Кеңесбайұлы
Бас директор
Тянь Кэцзянь
Бас директордың бірінші орынбасары, Басқарма мүшесі

Сауал қою