«Қазгермұнай» БК» ЖШС қызметкерлері үшін КВИ-ға қарсы вакцинациялау бойынша түсіндірмелер

23 ақпан 2021

«Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің басшылығы өз қызметкерлері арасында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі туралы шешім қабылдады.

Осы мақсатта 19 ақпанда компанияның кеңсесінде Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері бейне-конференц байланыс арқылы онлайн форматта ҚГМ бас басқармасының, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы серіктестік өкілдіктерінің қызметкерлеріне, 1 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасында COVID-19-ға қарсы жүргізілетін вакцинациялау бойынша таныстырылым  ұсынды.

Республикалық мемлекеттік мекемесі «Қызылорда облысының санитарлық - эпидемиологиялық бақылау департаменті» басшысының орынбасары               А.М. Абдыкаимова өңірде COVID-19 таралуына қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдар қабылдап жатқан шаралар, сондай-ақ қазіргі уақытта вакцина алған облыс тұрғындарының саны мен әлеуметтік құрамы туралы айтып берді.

Бұдан әрі бейне-конференц байланыс қатысушыларына Гам-КОВИД-Вак (Спутник V) вакцинасының құрамы мен сипаттамасы, оның фармакологиялық қасиеттері, иммунологиялық тиімділігі, қолдануға көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдері, вакцинациялау тәсілі мен вакцинаны сақтау әдістері қарастырылған таныстырылым ұсынылды.

Дәрігерлер көп уақытын «Қазгермұнай» БК» ЖШС ұжымының сұрақтарына жауап беруге арнады.

Үстіміздегі жылдың 22 және 23 ақпанында Нұралы және Ақшабұлақ кен орындарының  қызметкерлеріне осындай түсіндірме  жұмыстары жүргізілді.

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою