Қазгермұнай» БК» ЖШС жас мамандар кеңесі қызылордалықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

06 шілде 2019

            Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2018 жылы шілденің алғашқы жексенбісін Ұлттық домбыра күні етіп бекіткені белгілі. Бұл мереке ұлттық бірегейлікті сақтау және қайта өркендету идеясы төңірегінде қазіргі қоғамның шоғырландыру құралына айналды.

            Мереке қарсаңында «Қазгермұнай» БК» ЖШС жас мамандар кеңесі «ARAY CITY MALL» сауда ойын-сауық орталығында Қызылорда қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін шағын іс-шара ұйымдастырды. СОО келушілері үшін осы мерекенің пайда болу тарихын, сондай-ақ домбырамен байланысты қызықты фактілер мен ерекшеліктерді білу викторинасы өткізілді. Қалалық филармония әртістерімен бірлесіп, осы музыкалық аспапта ойнау өнерін меңгерген Серіктестік қызметкерлері халықтың әйгілі және сүйікті күйлерін орындады.

Бұл ерекше концерттің көрермендері де құр қалмады. Өз қабілеттерін көрсетуге тілек білдіргендерге осындай мүмкіндік берілді. Қысылмай домбырада ойнағандарға «Қазгермұнай» компаниясынан естелік имидждік сыйлықтар табыс етілді.

 

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою