Қазгермұнай» БК ЖШС «Жас өркен» бағдарламасына қатысушыларды қабылдады.

30 сәуір 2019

29-30 сәуірде «Қазгермұнай» БК ЖШС «Самұрық-Қазына» ӘАҚ АҚ –ның «Жас өркен» бағдарламасына қатысушы 7 жас маманын қабылдады.

Бірінші келген күні қауіпсіздік бойынша нұсқамадан өтіп, арнаулы киімдермен қамтамасыз етілген соң жас мамандар Серіктестіктің кен орындарымен таныстырылды. Жас мамандар тек кеңсе мен вахталық кентпен танысып қана  қоймай, сонымен бірге МДАО, ГДжТО, ТШСБ және басқа да өндірістік нысандарға да барды.

Екінші күні жас мамандар ҚГМ-ның Бас кеңсесінде болды. Бас кеңседе мамандар компанияның Қаржы, Заң, Бақылау және Жоспарлау   Департаменттерінің, сонымен бірге Корпоративтік хатшының жұмыстарымен танысты. Атап айтқанда, даму бағдарламасын, қаржы және өндірістік жоспарларды дайындау бойынша практикалық білім алды. Бағдарламаға қатысушыларды Қазгермұнай компаниясының қазақстан және қытай тараптарының тең игеру құқығымен бірлескен кәсіпорын болуы жұмыс барысына қалай әсер ететіндігі қызықтырды. 

Сонымен қатар, қонақтар Қызылорда қаласының көрнекті жерлерін аралады.

    

         

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою