Қазгермұнайда Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылық кеші өтті

27 ақпан 2024

Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі «Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің іс-қимыл жоспарын орындау шеңберінде 24 ақпанда А. Тәжібаев ат. Қызылорда облыстық әмбебап кітапханасында компания жұмыскерлері Ахмет Байтұрсыновтың поэзия кешін ұйымдастырды. Іс-шараға тек Серіктестік жұмыскерлері ғана емес, сонымен қатар олардың балалары да қатысты, олар ағартушының танымал шығармаларын оқып, күйлерін ойнады, өлеңдеріне жазылған әндерді шырқады. Концерттік бөлімнен басқа барлық жиналғандар үшін А. Байтұрсыновтың өмірі мен қазақ публицистикасына, әдебиеті мен лингвистикасына қосқан үлесі туралы көрме дайындалды.

          «Біз осы іс-шараны жоспарлап, ойластырған кезде, қолайлы формат пен орынды іздедік, көптеген түрлі идеялар мен ұсыныстар келіп түсті. Бірақ біз Ә. Тәжібаев ат. Қызылорда облыстық әмбебап кітапханасын таңдадық. Себебі кітапхана жұмыскерлері поэзия кешін Ахмет Байтұрсыновтың өмірлік жолы мен ұрпақтарына қалдырған жетістіктері туралы көрмені көрсетуді ұсынды. Біздің ойымызша, бұл біздің шығармашылық жобамызды мәдени тұрғыдан ғана көрсетіп қана қоймай, сондай-ақ оның ағартушылық қырларын да көрсетті. Бүгін біз бұл аралас тәсілдің ұтымды ұштасқанын көріп отырмыз. Балаларға ғана емес, ересектерге де Қазақстанның ұлы қайраткерінің шығармашылығына ену, оның өміріндегі қызықты фактілермен танысу өте қызықты болды», – дейді Қазгермұнай Кеңсе бөлімінің жетекші маманы Лиза Бисембаева.

         Айта кету керек, бұл компаниядағы алғашқы тәжірибе емес. Бұдан бұрын, Қазақстандағы Абай жылында кеңсе бөлімінің жұмыскерлері өз балаларының қатысуымен ұлы ақынның шығармаларын орындаған. Алайда, коронавирус инфекциясы эпидемиясының орын алуына байланысты іс-шара ауқымды дәрежеде өткен жоқ және Серіктестік ұжымы оны тек жазбада ғана көре алды. Сондықтан бұл жолы өткен А. Байтұрсыновтың поэзия кеші үлкен қызығушылық тудырып, барлық қатысушыларға керемет әсер қалдырды.                        

        «Анам маған Ахмет Байтұрсыновтың поэзия кешіне қатысуды ұсынғанда, мен біраз уайымдап қалғаным рас. Мен бұның алдында Абай поэзиялық кешіне қатысқан болатынмын, бірақ ол кезде көрермендер болмады, біз қойылымдарымызды бейнетаспаға жазып бердік. Егер бірінші рет бірдеңе сәтсіз болса, оларды қайта жазу мүмкін болатын. Бірақ бұл жолы бәрі жанды дауыста, көрермендердің алдында орындалды», – деді кеңсе бөлімінің маманы Ардақ Сүлейменованың қызы Талшын Ізбасар.

         Жалпы, өткен іс-шарада барлық қатысушылар оң бастамаға қол жеткізді.

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою