Ұлы Жеңіске 75 жыл

07 мамыр 2020

«Қазгермұнай» БК» ЖШС отандастарымызды Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 75 жылдығымен құттықтайды! Аталған күн өз өмірлерін құрбан етіп Отан қорғаған нағыз қаһарман батырлардың ерлігін мақтан тұтатын сәт болып табылады. Қаншама жылдар өтсе де Ұлы Жеңіс біздің мәңгі жүрегімізде сақталып келеді. Жеңіс үшін ұрыс алаңында және еңбек майданында шайқасқан батырларымызға басымызды иіп, тағзым етеміз.

Жеңіс мерекесі қарсаңында Компанияның әлеуметтік даму және шаруашылық қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері тоғыз Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлерін және ҰОС ардагерлерінің екі жұбайын құттықтауға барып, Компания атынан құттықтау хаттары мен гүл шоқтарын сыйлады, сонымен қатар, әр ардагерге 100 000 теңге қаржылай көмек көрсетті.

Сондай-ақ, Отан қорғаушылары күніне орай «Атамекен» жанұялық үлгісіндегі балалар ауылындағы «Байқоңыр» үйінің тәрбиеленушілеріне Компания атынан азық-түлік жиынтығы тарту етілді.

 

 

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою