Мұнайшылар арасындағы білгірлер сайысы

22 шілде 2019

        Үстіміздегі жылдың жиырмасыншы шілдесінде Ақшабұлақ кен орнында «Қазгермұнай» БК ЖШС Жас мамандар кеңесі дәстүрлі «Брейн-ринг» турнирін өткізді.

Турнирге барлығы кеңсе және кен орны жұмысшыларынан 36 адам қатысты. Жеребе тастау арқылы әрқайсысы алты адамнан тұратын алты команда құрылды. Білгірлер Қазақстан мұнайының тарихы, өз компанияларының жетістіктері туралы және ойлану қабілетін анықтайтын отыз сұраққа жауап берді.

Жас казгермұнайлықтардың бастамасын бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Мамадахунов А.К. және Мұнай және газ өндіру департаментінің директоры- кеніш басшысы Досбаев А.Ж. қолдап, әділ қазылық жасады.

 «Ю-3» командасы турнир жеңімпазы атанды, екінші орынды №2  Команда иемденді және үшінші орын «Мегамозг» командасының еншісіне тиесілі болды. Осы командалардың қатысушылары құрмет дипломдарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Турнир мәресіне жеткен соң фуршет дастарханы жайылып, компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерінің мамандары бейресми жағдайда әңгіме – дүкен құрды.

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою