Өндірістік персоналға шұғыл көмек көрсету

19 қыркүйек 2023

Өндірістік персоналға шұғыл көмек көрсету

Өндірістегі жарақаттану мен апаттылықты азайту, сондай-ақ жұмыскерлердің еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін жақсарту мақсатында Ақшабұлақ кен орнының СКГ сақтау және құю терминалының ТБР-да еңбекті қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде 19 қыркүйекте оқу-жаттығу сабағы өтті.

Бұл оқу-жаттығудың басты міндеті медициналық білімі жоқ кенорны қызметкерлері арасынан бұрын оқытылған парамедиктердің дайындығын тексеру және шұғыл көмек көрсету дағдыларын дамыту болды. Үшінші деңгейдегі оқу медициналық дабылына «Қазгермұнай «БК» ЖШС тауар операторлары: Бауыржан Ахметов, Берік Өтегенов, Дамир Байнияз және Асқар Екшембеев қатысты. Оқу-жаттығуда барынша шынайы сценарийді іске асыру үшін көлік, күзет және өртке қарсы қызмет көрсететін мердігерлік ұйымдар жұмылдырылды.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою