ПЕТРОҚАЗАҚСТАН КӘСІПОДАҒЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ШАҒЫН-ФУТБОЛ БОЙЫНША ТУРНИР

       

19-20 қазанда «Еуразия» және «ПетроҚазақстан» спорт кешенінде сегіз мұнай компаниясы арасында «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ кәсіподақ комитетінің құрылғанына 30 жыл толуына арналған шағын футболдан турнир өтті».

 

Спорттық іс-шараның салтанатты ашылу рәсіміне «ПҚҚР» АҚ күрделі құрылыс және сыртқы байланыстар жөніндегі вице-президенті Болат Көшербаев, ЕҚЕҚҚ бойынша «ПҚҚР» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әділбек Беклиев, «ПҚҚР» АҚ кәсіподақ комитетінің төрайымы Бақытжан Мұқашева, Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің төрайымы – облыстық мәслихат депутаты Райкүл Байназарова, Қызылорда облыстық Кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Марат Бәйімбетов, Қазмұнайгазпроф Қызылорда облыстық филиалының төрайымы Алтынхан Ысқақова, А. С. Аухин – «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС кәсіподақ комитетінің төрағасы қатысты.

Турнирдің салтанатты ашылуында вице-президент Болат Көшербаев құттықтау сөз сөйледі.«Мерейтойлық мерекемен құттықтаймын және Кәсіподақ активіне ПетроҚазақстан компаниясының кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен кепілдіктерін қорғауда алдағы уақытта табыс тілеймін. –деді Болат Көшербаев. - Футбол – мұнайшыларды қосқанда, ең танымал ойын. Футболдан достық турнир мұнайшылар арасындағы бейресми жағдайда, тығыз кәсіби және жеке байланыстарды орнатуға жақсы мүмкіндік береді.».

         «ПҚҚР» АҚ кәсіподақ комитетінің төрайымы Бақытжан Мұқашева турнир қонақтары мен қатысушыларын құттықтады. «Биылғы жыл «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ кәсіподақ ұйымы үшін 30 жылдық мерейтой белгісімен өтуде.Бұл күнге көптеген іс-шаралар арналды. –деді Бақытжан Мұқашева. – Бүгін біз қызықты турнирдің куәгері боламыз. Мен үшін ең бастысы, біздің саланың қызметкерлері өздерін тек жұмыста ғана емес, спортта да көрсете алады.».

         Әр команда турнирде лайықты орын алуға ұмтылды.Турнирдің екінші күнінде бірінші жартылай финалда «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» және «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» командалары өзара күш сынасты. Ойын өте қызықты болады деп болжалған болатын.Матч бірінші минуттан бастап соңғы ысқырыққа дейін алаңның әрбір бөлігі үшін күреспен толтырылды.Ойын нәтижесі 7:5 есебімен турнир иелері – «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» командасы пайдасына аяқталды.

Екінші жартылай финалда «Қазгермұнай» және «СНПС Айдан-Мұнай» командалары ойнады. Турнир фавориті «Қазгермұнай» командасы оларды 18:0 есебімен ойсырата жеңді.

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС, «СНПС Айдан Мұнай» АҚ командалары арасындағы 3-ші орын үшін матч 15:0 есебімен «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС пайдасына аяқталды.

Финалдың аты – финал. «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» және «Қазгермұнай» командалары арасындағы бас жүлде үшін ойын өте қызықты болды.Әр матчта көптеген голдарға түскен физикалық пішін, ойналуы финалда «Қазгермұнай» БК» ЖШС командасы жеңісімен аяқталған жарыс көшбасшысын анықтады.10:1 – «Қазгермұнай» командасының айқын жеңісі.

 

         Турнир жеңімпазы «Қазгермұнай» БК» ЖШС командасына кубок, диплом, сондай-ақ 300 000 теңге ақшалай сертификат табыс етілді.Екінші орын иегерлері «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ кубок, диплом, 200 000 теңге ақшалай сертификат алды.Үшінші орынды иеленген «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС командасы кубок, диплом, 100 000 теңге ақшалай сертификатқа ие болды.«Kazpetrol Group» ЖШС да назардан тыс қалған жоқ, 50 000 теңге табыс етілді. 

Тек командалықнәтижелерғанаемес, жекеноминациялар бойыншафутболшылар да марапатталды. Олардың иегерлері: қақпашы – Берікбол Алтынбасов («Қазгермұнай»), қорғаушы – Алтынбек Оспанов («ҚазТрансГаз» АҚ), шабуылшы – Нұрсұлтан Жаркымбек («ПетроҚазақстан Ойл Продактс»), ойыншы – Диас Байзақов («ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз»), бомбардир – Максим Максимов («Қазгермұнай»). Номинанттарға диплом және ақшалай сыйақы 20 000 теңге табыс етілді.

 

           

 

     

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Мұстафаев Мұрат Кеңесбайұлы
Бас директор
Тянь Кэцзянь
Бас директордың бірінші орынбасары, Басқарма мүшесі

Сауал қою