Ішкі тренинг – ҚД шеберлік сыныбы

18 қараша 2016

Жас мамандар кеңесінің іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде ішкі тренингтерді өткізу жалғастырылды, оның барысында құрылымдық бөлімшелердің басшылары ББ кеңсесінде барлық тыңдаушылар үшін өз департаменттерінің, бөлімдерінің және қызметтерінің жұмысы туралы таныстырылымдар ұйымдастырады.

 
Кезекті шеберлік сыныбын Қаржы департаментінің (ҚД) Директоры Пірмағанбетов Нұрбол Сұлтанұлы ұйымдастырды. Конференц-залда ҚД қызметі, ҚГМ қаржы операциялары, компания шеңберінде ақшалай қаражатты және жеке қаржыны пайдаланудың ерекшеліктері туралы оның таныстырылымын тыңдауға қызығушылық танытқан жиырма шақты адам жиналды.
 
Слайдтар қарапайым нысанда, аса күрделі қаржы-экономикалық терминдер мен графиктерді пайдаланусыз, ақша-қаржы операцияларына тікелей қатысы жоқ бөлімшелердің қызметкерлерін қоса алғанда әрбір тыңдаушыға түсінікті тілмен ұсынылды. Әйтсе де, ұсынылған ақпарат тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды, әсіресе корпоративтік салықтар, жалақы, дербес табыстар мен қорланымдарды сақтау және көбейту жөніндегі ұсынымдар туралы әңгіме қозғалған кезде. Өйткені, қалай болғанда да бұл тақырып – өз еңбегінің ақысы түрінде табыс алатын әрбір жұмыскердің мүддесін қозғайды.
 
ҚД жұмысының ерекшелігімен қатар, Н.С. Пірмағанбетов, сондай-ақ тыңдаушылардың назарына бухгалтерия, қазынашылық, салық бөлімі қызметінің негізгі қырлары туралы ақпаратты ұсынды. Жұмыскерлерді қызықтырған сұрақтардың барлығына дерлік жауап берілді, ал бұл – бағдарламалардың әкімшілерінің (бастама көтеруші бөлімшелердің) қатысуымен төлем рәсімдерінің дұрыстығын және тиімділігін арттыруға оң әсерін тигізеді.
 
Сөзін аяқтай келе, Н.С. Пірмағанбетов қатысушыларға алғысын білдірді және ағымдағы жұмыс барысында барлық қаржы мәселелері бойынша жәрдемдесуге және сабағаттық қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.
 
    

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою