XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың Алау эстафетасы

28 қаңтар 2017

  Қызылорда қаласында XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың Алауы жағылды. Эстафета Алауын салтанатты жағдайда алып жүрген азаматтар қатарында Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлесін қосқан қайраткерлер, мұнайшылар, өнер саңлақтары, жетекші спортшылар мен студент жастар болды. Алаудың бірінші кезеңі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев атындағы саябақтан басталды. Бірінші кезең бойынша өткізілген Алау эстафетасына «Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің қызметкерлері қатысты. Олар:

  Серік Базарбайұлы Тыран – бас директордың геология жөніндегі орынбасары – бас геолог.
Ерхан Келдібайұлы – ұңғымаларды химиялық тазалау операторы. Ол қол күресінен ҚР спорт шебері, Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Волейболдан I разрядты спортшы, Қазақстан Республикасының екі дүркін чемпионы.
Фархад Сексенбаев – Нұралы кенорнында орналасқан мұнай дайындау қондырғысында оператор қызметін атқарады.
Ғибрат Ауғанов – қызметкерлер құрамын басқару департаментінің жетекші инженері. Грек-рим күресінен I разрядтағы спортшы.

 
  Олардың бәрі еңбекпен спортты қатар алып жүрген әріптестеріне сыйлы азаматтар. Орталық алаңға жеткізілген эстафета соңы Алау отын жағу салтанатына ұласты. Алау отын мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, ҚР құрамасының жетекші фигуристкасы Элизабет Тұрсынбаева жақты. Мерекелік шара елімізге танымал өнерпаздарының концертімен ұласты.
 

  

  

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою