«Үздік маман» 2017 конкурсының қорытындысы

30 қыркүйек 2017

  29 қыркүйекте Ақтау қаласында өткен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобының арасында «Үздік маман» атағына жұмысшы мамандықтардың арасында жыл сайынғы кәсіби шеберлік конкурсы аяқталды.

  «Қазгермұнай» БК» ЖШС конкурсқа тоғыз аталым бойынша   қатысты, олардың әрқайсысында Серіктестіктің жұмысшылары жүлделі орындарды иемденді. «ҚГМ» БК» ЖШС конкурсқа қатысуға үміткерлердің арасда алдын-ала ішкі іріктеу жүргізілгендігін айта кеткен жөн. Конкурстың ішкі кезеңінің жеңімпаздары компанияның намысын қорғады.
 
  Мамандық бойынша үздік қазгермұнайлықтар келесі нәтижелерді көрсетті:
  • ♦ Мұнай және газ өндіру жөніндегі оператор - Мерекеев Ғазиз – 1 орын
  • ♦ Қабаттық қысымды қолдау жөніндегі оператор - Байтасов Асқар – 1 орын
  • ♦ Ұңғымаларды зерттеу жөніндегі оператор - Медеталиев Айсын – 3 орын
  • ♦ Электр-газбен дәнекерлеуші - Раманқұлов Талғат – 2 орын
  • ♦ Жөндеуші - слесарь – Ибраев Нұрлан – 2 орын
  • ♦ Токарь - Жарылқасынов Қайыржан – 2 орын
  • ♦ Химиялық талдау зертханашысы - Мұратқызы Лаура – 2 орын
  • ♦ Компрессорлық қондырғылар машинисті - Тоғызбаев Нұрсұлтан – 3 орын
  • ♦ Электромонтер - Болтаев Руслан – 2 орын
     
  Конкурс екі кезеңмен өткізіледі: бірінші кезең – теориялық білімін тексеру. Конкурстың бірінші кезеңін өткізу әдісі – компьютерлік тестілеу. Екінші кезеңі – тәжірибелік тапсырмалар орындау, ол тікелей өндірістік нысандарда өтеді.
 
  Қорытынды жасауға негіз болған конкурсқа қатысушыларының нәтижелерін бағалаудың негізгі өлшемдері келесілер болды:
  1. 1. теориялық даярлық деңгейі;
  2. 2. тәжірибелік тапсырмаларды белгіленген мерзімдерде орындау сапасы;
  3. 3. қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау ережелерін сақтау;
  4. 4. еңбек өнімділігі;
  5. 5. еңбектің озық нысандары мен әдістерін қолдану. 

 

  

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою